Меркі ауылы


«Жамбыл облысы Меркі ауданы Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептің   құрылысы» бойынша ақпарат

Құрылыс нысаны 2018 жылы 01 тамызда басталған. 2018 жылға бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2019 жылға бюджеттен 395,830 млн. теңге бөлініп, 159,0 млн. тг. игерілді. Нысан 2019 жылы 01 тамызға дейін пайдалануға беріледі. Мердігер мекеме «Андас-Груп» ЖШС. Жобалаушы мекеме «ҚұрылысКонсалтинг» Ұлттық Орталығы» АҚ. Техникалық қадағалаушы «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС.

Құрылыс жұмыстарының барысы туралы: 2018 жылдан өтпелі құрылыс нысаны. Жер жұмыстары 100 %, іргетасы 100 %, КТПН 100 %, су құбыры - 80 %, қабырғасы - 90 %, қазандықтың іргетасы 100 %. Шатыры 70 %,  ішкі сылақтар 90%, ішкі электр жүйелері 70 %, плиталар төсеніші 100 %, терезелер 70%, қазандық жер жұмыстары 100 %, қазандық қабырғасы 100 %, электрсым  жүйелері 75 %, сыртқы жылу жүйесі 80 %, спортзал ферма 100 %, ішкі әрлеу жұмыстары - 50 %.